13 шілде күні Қазақстанда білім беру гранттарын алуға өтініштер қабылдау басталды. 2024-2025 оқу жылына жоғары оқу орындарында талапкерлер тегін білім алу үшін барлығы 112 мыңнан астам грант бөлінді. Оның 1500-і М. Қозыбаев атындағы СҚУ-не тиесілі.
Kozybayev University болашақ студенттерге есігін айқара ашты. 13 шілдедеден бастап ЖОО-да білім беру гранттарын алуға өтініш қабылдау басталды. Өтінімдерді университеттің арнайы комиссиясы, сондай-ақ "электрондық үкімет"порталы арқылы беруге болады. Жалпы жаңа оқу жылы М. Қозыбаев атындағы СҚУ -не барлығы бір жарым мың грант бөлінді
ЕРБОЛ ИСАКАЕВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР:
- Біз стратегиялық серіктесіміз Аризона университетімен қос дипломдық жүйені жүзеге асырамыз. Биыл квота аясында университетке 1500-ге жуық грант бөлінді. Біздің университет халық тығыз қоныстанған өңірлерден келген балаларға гранттар беру конкурсынада қатысады: Қазіргі таңда біз Батыс Қазақстан, Түркістан облысы, Шымкент қаласынан талапкерлердің құжаттарын қабылдап жатырмыз.
Kozybayev University-не түсуге ниет білдірген талапкерлердің бірі Мирас Сексембаев. Ол Мамлют ауданынан келіп отыр. Айтуынша, бұл жоғарғы оқу орынын қос дипломды білім беру жүйесі болғандықтан таңдаған.
МИРАС СЕКСЕМБАЕВ, ТАЛАПКЕР:
- Мен Мамлют ауданынан боламын, Бексейіт орта мектебінен. ҰБТ-дан 80 бал алдым. Осы университтеті Аризона бағыты болғасын таңдадым. Астраномия деген бағытты немесе физика-математика мұғалімі болуға мүмкіндіктер көп.
Айта кеткен жөн, білім беру гранттарын алуға өтініш қабылдау 24 шілдеге дейін жалғасатын болады.