Өңірдегі «Алекри Агро» ЖШС 1995 жылы құрылған. Серіктестік дәнді және бұршақ дақылдарын өсірумен айналысады. Қазіргі уақытта егістік алқабының жалпы көлемі 7 мыңға дейін жетеді. Жұмысшыларына арнайы жатақханада салынған.


Алғаш негізі қаланған кезде серіктестік небәрі 700 гектар жерге егін сепкен. Қазір олардың егістік алқабы 7 мыңға дейін жетеді. Өздерінің құс фабрикаларын 80 пайыз жеммен қамтамасыз етеді.Серіктестікте 40 адам жұмыс істейді.


АЛЕКСАНДР ВЬЮХОВ, «АЛЕКРИ АГРО» ЖШС БРИГАДИРІ:

- Бұл серіктестікте жұмыс істеп жүргеніме жарты жыл ғана болды. Жалақымызды жақсы төлейді. Үймен де тамақпен де қамтамасыз етеді. Менің Петропавлдан арнайы шақыртты. Жұмыс кестесі барлығы ұнағандықтан осында қалдым. Ендің отбасымды да көшіріп алуды жоспарлап отырмын. Ауылда көркейіп жатыр. Серіктестік басшылығы қызметкерлері үшін бар жағдайды жасайды.


Былтыр серіктестік аумағында жұмысшыларға арналған 18 орындық жатақхана салынған. Ол жерде демалыс бөлмесі, жуыну бөлмесі және ас үй бар.


АНАТОЛИЙ МЕЛЬНИКОВ, «АЛЕКРИ АГРО» ЖШС БАСҚАРУШЫСЫ:

- Мемлекеттен өте жақсы қолдау бар. Президентімізге рахмет. Бізде негізінен барлық алқапқа қажетті құрал-жабдықтар бар. Өткен жылы жаңадан 4 комбайын сатып алдық. Қазір 11 комбайнымыз бар. Негізінде қажетті техниканың барлығы жеткілікті.


Егістік алқабындағы топырақ құнарлылығын арттыру үшін серіктестік басшылығы органикалық тыңайтқыштар себуге ерекше назар аударады.