Тасқыннан зардап шегіп, үйлері апатты деп танылған тұрғындарға тағы жаңа 47 баспананың кілті табысталды. Естеріңізге сала кетейк, жаңа Бірлік шағын ауданында осыған дейін алғашқы 53 үй салтанатты түрде қолданысқа берілген еді. Тұрғындарды бүгін қоныстойымен Вице-премьер Қанат Бозымбаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.
Естеріңізге сала кетейік, Бірлік шағын ауданда тасқын судан зардап шеккендер үшін 700 баспана салынып жатыр. Алғашқы 100 үйдің құрылысы 24 сәуір күні басталып еді. Бүгін осы баспаналар толықтай тұрғындарға табысталды. Жаңа үй иелерін премьер министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев құттықтап, салтанатты түрде кілттерін табыстады.
Бүгін жаңа баспанаға ие болғандардың бірі – Ғалия Хамзина. Ол отбасымен бірге 16 жыл бойы Хромзауыт шағын ауданында тұрған. Тасқын су салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылДЫ. Бау-бақша өсіріп, жер үйде тұру ұнаҒАНДЫҚТАН Бірлік шағын ауданын ойланбастан таңдадым дейді ол.
- Үйдің бір стенасы құлап қалып, аварийный деді. Енді қайда барамыз, далада қалдық деп уайымдадық. Бүгін қуаныштымыз. Семьяда 6 адамбыз.
- Үйіңіз кішірек болды ма?
- Иә. Жолдасым 27 күні пенсияға шығады. Осы шаңырақта тек қуаныш болсын.
Бірлік шағын ауданында тұрғындарға жайлы жағдай жасалған. Балабақша құрылысы жүріп жатыр. Қыркүйек айында қолданысқа берілмек. Облыс әкімі Ғ.Нұрмұхамбетовтың сөзінше, жақын арада қоғамдық көліктер де қатынай бастайды. Бүгін қала тұрғыны Александр Ошмаровқа да жаңа баспанасының кілті табысталды. Ол ырымдап, жаңа үйге алдымен мысықты кіргізді. Александр Ошмаров зейнеткер. Петропавлдағы жылу желілері серіктестігінде бас инженердің орынбасары болып жұмыс істеген. 22 жыл бойы Ойқала ықшам ауданында тұрды.
АЛЕКСАНДР ОШМАРОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Маған жаңа үй өте қатты ұнады. 5 немерем бар.Ойқала ықшам ауданында қаншама жыл тұрдым. Бірақ мына Бірліктің ауасы таза. Барлық жағдай жасалып жатыр. Жаңа жиһаз берді. Көңілімнен шықты.
Жалпы өңірде табиғи апат салдарынан төрт мыңнан астам үй су астында қалып, екі мыңға жуық баспана тұруға жарамсыз деп танылды. Өңірге жұмыс сапарымен келген вице-премьер Қанат Бозымбаев тұрғындар үшін салынып жатқан барлық жаңа үйлердің сапалы болуы үкімет назарында болатынын айтты.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРініҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бірақ жолдарда қиратылды. Электр торабтары зақымданды.Барлық мәселені жергілікті билік тиісті құжаттарды әзірлеп келесмі аптада тиісті министрлікке құжат жіберетін болады. Бір-екі аптаның ішінде керек болған қаражатты аударатын боламыз. Инфрақұрылымды жандандыру керек. Әкім маған уәде берді. Жаңа Бірлік ауданына тиісті автобус маршруты қатынайтын болады.
Айта кетейік, Бірлік шағын ауданында салынып жатқан қалған 600 баспананың құрылысы күн суытқанға дейін аяқталып, тұрғындарға табысталатын болады.