Петропавлда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен колледж және университет түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған 200-ге жуық адам қатысып, 20-ға жуық компания бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жұмысқа орналасуға көмектесу және жұмыс орындары туралы ақпарат беру – жастар ресурстық орталығының басты қызметтерінің бірі . Бос жұмыс орындар жәрмеңкелері де тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 800-ден астам жас өтініш білдірсе, оның 600-ден астамы жұмысқа орналасты. Түлектерге жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы да ақпарат беріледі.
АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Бүгінгі шараға 20-дан астам жұмыс берушілер қатысып жатыр. .Жұмыссыздар қатарындағы 200-ден астам адам жергілікті оқу орындарының түлектері. Біздің зерттеуіміз бойынша,қазіргі таңда бізге техникалық мамандықтар, педагогикалық, медициналық қызметкерлер қажет.