Ойқала шағын ауданында тасқын кезінде 1400-ден астам үй су астында қалды. Қазір ауданда мехникалық бригадалар тасқын зардабымен күресіп, баспаналарды қайта қалпына келтіріп жатыр. Ал, кейбір тұрғындар - жөндеу жұмыстарын өздері жасамақ. Солардың бірі - Потанин көшесінің тұрғыны Ольга Михайличенко.


Ольга Михайличенконың бар ғұмыры осы үймен байланысты. Ол жұбайы екеуі 2020 жылы баспанасына толық жөндеу жүргізген. Бірақ, тасқын кезінде үйлеріне кірген судың биіктігі 1 метр 20 см-ден асып, бар еңбектері еш болды.


ОЛЬГА МИХАЙЛИЧЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз үйімізге 2 мамыр күні келдік. Ал, комиссия мүшелері мамырдың 5-сі келіп тексеріп шықты. Келтірілген шығын көлемін 6 млн теңгеден астам соммаға бағалады. Қайта қалпына келтіруге жарамды деп тапты. Жөндеу жұмыстарын өзіміз жүргіземіз деп шештік.


Ал мынау Мороз отбасының баспанасы. Қазір ерлі-зайыпты үйлеріне өздері жөндеу жүргізіп жатыр.


ЮРИЙ МОРОЗ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Үй ішіндегі ағаш еденді алып тастадық. Орнына бетон құйдық. Ал, жертөледегі су кетпей жатыр. Шамамен 1 айдан көп уақыт керек. Жалпы, енді жөндеу жұмыстары кезінде ағашты емес, суға шыдамды болатын ламинатты қолданамыз. Сақтықта қорлық жоқ.


Айта кетейік, Ойқала шағын ауданында 1400-ден астам үйді су басқан. Қазіргі таңда тасқын зардабымен күресу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.