Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында тасқын судан кейін үйлері жарамсыз деп танылған отбасылар аз емес. Солардың бірі Әмреновтар шаңырағы. Олар 4 жыл шамасында Ойқала ықшам ауданында тұрған. Бірақ тасқын судың алдарынан үйінен айырылды. Бүгінде бұл отбасы баспаналы болды.


Сәуірдің 13-і күні Әміреновтердің үйіне су кірген. Барлық дүние мүліктерін шығарып үлгермесе де, керек құжаттарын алған. Кейін үй жарамсыз деп танылып, 1 апта бұрын 2 бөлмелі жаңа пәтерінің кілтін алды. .


АЙНАГҮЛ МҰХАМЕДЖАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Жағдайға байланысты бізді акиматқа шақырды. Жолдасым барлық шаруамен айналысты. Акимат бізге үйдің ауданын белгілеп берді. Қосымша аудан қосылатын болды. Сол аудан бойынша бізге 40 кв метр бойынша бізге үй іздестіріңдер деді. Осы ауданды таңдадық бізге осы аудан ыңғайлы. Өйткені тыныш аудан балаларғада ыңғайлы. Аулада балаларға ойнайтын жерлер бар. Болашақта міне университет, колледж барлығы жақын.


Бүгінде отбасы 3 ұлды тәрбиелеп отыр. Балалардың қуанышда шек жоқ. Себебі үйлерінің алдында ойын алаңы бар.


- Менің атым Абылайхан. Ауладағы балармен таныстым. Ойнаймыз. Жаңа үй әдемі.


- Маған барлығы ұнады. Жаңа достар да тауып үлгердім. Жаңа үйімізде өте жақсы. Бұрын күн сайын үйге су таситын едім ал қазір керек емес. Барлық жағдай жасалған.


Әмреновтор отбасына берілген пәтерді әкімдік 13 милион теңгеге сатып алды.