Өңірде тасқыннан зардап шеккендерге төлем беру жалғасып жатыр. Қазіргі таңда, өтемақы алуға 2 мыңнан астам адам өтінім білдірген. Ал арнайы комиссия күн сайын 100 адамды қабылдайды.


Су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындардың барлығына өтемақы төленеді. Бұл жұмыстармен арнайы комиссия айналысады. Комиссия мүшелерінің айтуынша, кейде азаматтар өтемақы алу үшін өзі емес, өтініш жазуға таныстарын жіберіп жатады. Мұндай жағдайда комиссия төлем алатын жанның өзіне хабарласады.


ЗӘКІРЖАН МАМЛЮТОВ, КОМИССИЯ МҮШЕСІ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бізде бір мәселе бар. Тұрғындарға хабарласқан кезде телефондарын көтермейді. Ал бұл жағдайда біз құжаттарды рәсімдей алмаймыз. Сәйкесінше, жұмыс қиындай түседі. Жалпы біздің негізгі міндетіміз – зардап шеккендердің өтемақыны уақытылы, дұрыс алуы. Себебі әр азаматтың мүлкіне келген залал көлемі әртүрлі.