Өңір диқандары егіс алқабының 4,2 млн. гектар аумағына дақыл екті. Оның ішінде 3,4 млн. гектарға - дәнді, 736 мың гектарға майлы дақыл себіліп жатыр. Ал, науқанды өткеруге 12700 ге жуық техника тартылды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша,науқанды уақытылы аяқтауға толассыз жауған жауын кедергі келтіруде. Жауапты мамандардың айтуы бойынша ауа райы тұрақталса, диқандар жұмысты осы апта ішінде аяқтамақ. Биыл техника жанар жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Ауыл шаруашылығы саласына үкіметтен 60,8 млрд теңгеден астам қолдау көрсетілмек.
ЖАЛҒАС СҮЛЕЙМЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- 3 млн.Гектар жерге 256 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазір егін жұмыстары жалғасып жатыр,оның ішінде картоп дақылдарына 26 мың гектар, көкөніс дақылдарына 5 мың гектар, жемшөп дақылдарына 379 мың гектар жер бөлінбек. Техникалар штатты түрде жұмыс жасап жатыр. Ауа пайы қолайлы болса апта соңында аяқтауға тырысамыз.