Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында фермерлерді қаржыландыруға арналған «Кең дала 2» бағдарламасының шарттары түсіндірілді. Соңғы үш жылда аграрлық несие корпорациясы жыл сайын көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге «Кең дала» бағдарламасы арқылы 140 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген. Биыл қаржыландыруды шамамен екі есеге арттырып отыр.
«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңа шарты фермерлер үшін өте қолайлы. Алдыңғы жылдары несиелер қысқа мерзімге беріліп, оларды 1-желтоқсанға дейін өтеу қажет болса, қазір қарызды өтеу мерзімі ұзартылдыҚарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде болады. Мемлекеттік қолдаудың жаңа маханизміне сәйкес фермерлердің «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша алған қарыз сомасының 85%-н «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдендіретін болады. Осылайша, көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуді бастау үшін шаруалар несие сомасының 15%-на кепілдік қойса жеткілікті.
МӘРЛЕН НӘБИЕВ, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Фермерлер үшін бұрын соңды болмаған бірқатар мәселелер биыл шешімін таппақ. Атап айтқанда қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде болады. Бұған дейін фермерлер жергілікті ауыл шаруашылығы басқармаларына жүгінуге, қаржының бөлінгенін күтуге мәжбүр болса қазір мұндай әурешілік болмайды. Себебі ережелерге өзгертулер енгізіліп қазір бар жағдай жасалуда. Мысалға Мемлекеттік қолдаудың жаңа маханизміне сәйкес фермерлердің «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша алған қарыз сомасының 85%-н «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдендіретін болады.
Өңірдің биыл егістік көлемі 4,5 млн. га шамасында. Оның 3,4 млн. гектарына дәнді, 751 мың гектарына майлы дақылдар егілмек.
ЕРБОЛ АЯҒАНОВ, «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Қаржы акционерлік қоғамы СҚО-на 230 млрд тенге инвестиция құйған. Жылдың басынан бері СҚО бойынша филиалға 274 бірлік техника сатып алу мақсатында 2 жарым млрд теңгеге өтініштер келіп түсті. Соның ішінде көктемгі егін жұмыстарына 6,8 млрд теңгеге, егін жинау жұмыстарына 5,6 тенге.
Айта кетейік су тасқынынан зардап шеккен фермерлерге несие төлемдерін кешіктіргендері үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді. Тек зардап шеккен 64 фермердің 170 млн теңгеден астам сомадағы қарызы кейінге шегерілді.