Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Льюс Кэрролдың «Алиса ғажайыптар елінде» шағарма желісі бойынша спектакль сахналанды. Оны көрермендер назарына «Арт-класс» балалар мен жасөспірімдер шеберханасының оқушылары ұсынды.


Жас өнерпаздар бұл спектакльге бір жыл көлемінде дайындалған. Облыстық филармонияда бүгін үшінші күн сахналанып жатқанына қарамастан, қойылымға келген көрерменнің қарасы қалың.


КСЕНИЯ РОДИОНОВА, БАЛЕТ-ЕРТЕГІНІҢ РЕЖИССЕРІ:

- Бұл ертегі қанша уақыт өтсе де өте өзекті, әрі қызықты болып қала береді. Ал оны шығарма желісі бойынша балет арқылы сахналау тіптен ерекше болды деп ойлаймын. Бұл қойылымдағы әрбір кейіпкердің рөлі үлкенге де кішігеде түсінікті.


Облыстық филармонияның 45 музыкантынан құралған оркестр сүйемелдеуімен сахнада 3 жастан 17 жасқа дейінгі 90 биші өнер көрсетті. Дирижер – Евгений Сафронов. Басты рөлдердің бірін Алина Нокушева сомдады.


АЛИНА НОКУШЕВА, «ART-КЛАСС» СТУДИЯСЫНЫҢ БИШІСІ:

- Менің жасым 16 да. Біз бұл ауқымды жобаны 1 жылдан астам уақыт дайындадық. Балетпен мен 8 жастан бері айналысып келемін және бұл миенің алғашқы басты рөлім. Қызыл ханшайымды сомдаймын. Менің кейіпкерімнің мінезі құбылмалы, сол себепті бұл мен үшін өте қиын рөлдердің бірі болды.


"ART-класс" студиясы балет өнеріне үйретуге баланы 3 жасынан қабылдаса, ал хореографиялық шеберлікке 6 жастан бастап беруге болады.