4 маусым-Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Петропавлда үш жүздің басын қосқан Абылай ханның туы көтерілді. Ең алдымен көпшілік Абылай хан резиденциясына жиналып, ұлы тұлға Әбілмансұрдың рухына тағзым етті. Кейін «Абылайдың желбіреп көтерген туы» атты ерлік сағаты өтті.
Тарихта желбіреген байрағы жығылмаған Абылай ханның туы туралы нақты ақпарат жоқ. Ол туралы деректер көп жылдар бойы дискуссиялық талқылауда болған. Белгілі тарихшы Құрманғали Халиттің, Шоқан Уәлиханов және тағы басқа тарихшылардың еңбектеріне сүйене отырып, Абылайдың туының жаңа жинақы образы бекітілді. Ол- ақ, қызыл және көк түстерден тұрады.
ӘЛИЯ МӘМБЕТАЛИНОВА, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Жалпы, Жошы ханның ұрпақтары қызыл туды ұстаған. Кейін Шығайдың үлкен ұлы ақ ту ұстаған. Одан кейін Болат хан кезінде ұлдарына Әбілмәмбетке қызыл ту, Абылайға көк ту ұстатқан. Кейін Абылай хан болған кезінде осы үш түсті біріктіріп, ту қылып ұстады. Оның бір жағында Шыңғыс хан ұрпақтарының таңбасы, бір жағында өзінің мөрі бейнеленген.
Резиденцияда ту Абылай ханның мүсінінің жанына ілінді. Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері және ҰҰ Академиясының курсанттары қатысты. ҚР және РФ әскери ғылым академигі Жанбатыр Сартаев қазақ батырлары туралы 20-дан астам мақала жазған. Оның ішінде Абылай хан туралы да тереңінен зерттеген.
ЖАНБАТЫР САРТАЕВ, ҚР ЖӘНЕ РФ ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИГІ:
- Абылай хан - тарихи тұлға, әскери адам. Солтүстік Қазақстанның талай батырларын тәрбиелеген.02:40 Қазір Астанада ұлттық әскери университет бар. Біз соған Абылай хан резиденциясы және ҰҰ академиясы атынан көптеген мақалалар жаздық. Абылай хан туралы Ресеймен жасаған дипломатиясы туралы деректер тауып алдым. Араб тілінде жазылған.
Айта кетейік, Абылай хан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген. Сондықтан, Абылайдың туы алдымен Түркістан қаласында орнатылды.