Мемлекеттік статистика заңнамасына өзгерістер енгізілді. Енді респонденттер дер кезінде есеп бермесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, олар 1 жұмыс күні ішінде нысандарға түзетулер енгізуі керек. Аталған өзгерістер 8 маусымнан бастап күшіне енеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.


Респонденттер жіберген мәліметтерде қате анықталса, алғашында оларға ескерту беріледі. Ал мүлдем ұсынбағаны үшін азаматтарға айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері 36 920 теңгеден басталып, 553 800 теңгеге дейін барады.


ЖҰЛДЫЗ НҰРҒАЛИЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Респонденттерді дұрыс емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынуын көрсететін жеткілікті негіздер болған жағдайда, әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР-ның кодексінің 497 бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалады. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерін ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерге респонденттердің статистикалық деректерді уақытылы ұсынбауы анықталған жағдайда статистика органдары профилактикалық бақылау жүргізбей-ақ әкімішілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғайды.