Облыста көкжөтелге шалдыққан адамдардың саны артқан. Өткен жылы 18 адам осы дертке шалдықса, биыл 4 айдың ішінде 33 адам сырқаттанған, оның 28-і қала тұрғыны.


Санитарлық дәрігерлердің айтуынша көкжөтелмен ауырғандардың басым бөлігі 14 жасқа толмаған жасөспірімдер. Оның басты себебі- ата-аналардың баласына екпе қойдыруға рұқсат бермеуі. Ал бұл дерттің алдын алудың бір ғана жолы бар ол - екпе егу. Вакцинация күнтізбесі бойынша 2,3,4 айлық, бір жарым жас және 6 жаста балалар медициналық мекемелерде тегін екпе ала алады.


ЖҰЛДЫЗ БЕКМАҒАМБЕТОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Көкжөтелдің барлық жағдайлары 14жасқа дейінгі балалардың арасында тіркелді. Яғни олар балабақшаға баратын балалар арасында 3 жағдай, мектеп оқушыларында 1 жағдай және ұйымдаспаған балалар арасында 24 жағдай тіркелген. Барлық жағдайларда балалар бізде екпе алмаған. Эпидемиологиялық тексеру кезінде 50 пайыз жағдайлар өзара бір-бірімен байланыссыт болғаны анықталды. Яғни 6 үй ошағында бізде 14 жағдай тіркелген болатын. Яғни ата-аналарының қарсы болу себебінен 20 жағдай және медициналық көрсеткіштер бойынша 7 жағдай және екпе жасына толмаған1 жағдай тіркелді.