Өңір тұрғындарын су тасқынымен күресіп жатқан әскери қызметшілердің жағдайы алаңдатады. Әлеуметтік желілерде әскерилер қажетті заттармен қамтамасыз етілмеген деген ақпарат тарап жатыр. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Арна тілшілері тарқатсын.


Мұхтар Қорабаев Қарағанды облысының тумасы. Ол қазір отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер. Елдегі қиын жағдайға байланысты солтүстік өңірге келіп, су тасқынымен күресіп жатыр.


МҰХТАР ҚОРАБАЕВ, САРБАЗ:

- 1 апта аралығында осында болдық. Бізді қорғаныс министрлігі барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр. Және Петропавл қаласының тұрғындары да көмек қолын созуда.  Бізде түнгі смена болса қолғабымызды береді. Аяқ киімімізді тексереді, су болмасын деп.


Қазір әлеуметтік желілерде су тасынына қарсы күресіп жатқан сарбаздар қажетті киім-кешекпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген деген ақпарат тарап жатыр. Осының мән-жайын анықтау мақсатында жауапты мамандар сарбаздармен тілдесіп, олардың киім-кешектерін тексерді.


ҚАЛИОЛЛА САУЫТБЕКОВ, ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ СҚО БОЙЫНША ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгін осындай әскери бөлімнен келіп өздерінің міндеттерін атқарып жатқан сарбаздар. Оларды ел, үкімет, президент ұмытпаған соң жалаңаяқ қалды дегені бекер әңгіме деп есептейміз. Соны өз көзімізбен тексеру үшін келдік. Оның барлығы дұрыс емес екен.


Айта кетейік, әскери қызметшілердің жағдайы тұрақты түрде назарда. Сарбаздардың барлығы қажетті киім-кешек, тамақ, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.