«Алаяқтықтан сақтан» Петропавлда киберқауіпсіздікке арналған бірыңғай профилактика күні өтті
Петропавл қаласының Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. «Заң мен Тәртіп» республикалық бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған бұл іс-шараға 300-ден астам білім алушы қатысып, алаяқтықтан қорғану тетіктерін меңгерді.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың қаржылық және кибернетикалық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қылмыстық әрекеттердің алдын алу. Жиын барысында мамандар студенттерге банк жүйелері мен цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану, кибершабуылдарды тану және жеке деректерді қорғау дағдыларын үйрету міндетін алға қойды. Ауқымды басқосудың маңызы мен көзделген міндеттері жайында ұйымдастырушылар кеңінен тарқатты.
СНХ: ДАМИР АБДИН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ :
Желідегі алаяқтардың арбауына көбіне жастар мен жасөспірімдер түсіп жатады. Осыған байланысты қауіпсіздік өкілдері киберкеңістіктегі ең жиі кездесетін қылмыс түрлерін саралап, дербес мәліметтер мен банк деректерін бөгде тұлғаларға жария етпеу ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Мамандардың айтуынша, виртуалды ортада сақтық шараларын қатаң сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті.
СНХ: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ– СҚО БОЙЫНША КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Тәртіп сақшылары мен жауапты мамандар мұндай кездесулерді алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Басты мақсат – қала тұрғындарының, әсіресе өскелең ұрпақтың медиасауаттылығын арттырып, кез келген киберқауіпке дайын болуын қамтамасыз ету.