Облыста су тасқыны басталғалы 2500-ге жуық үй су астында қалды. 10-мың нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Петропавлда су астында қалған 4 ауданның тұрғындары үшін 12 эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. Қажет болған жағдайда тағы да 7 пункт ашу жоспарланған.


Петропавлдағы нөмір 4ші орта мектепте 51 адамға шақталған эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Ол жерді қазір 47 адам паналап жатыр. Солардың бірі-Наталья Чорба. Ол хромзавод ықшам ауданының тұрғыны. Үйі толығымен су астында қалған. Қазір эвакуациялық пункте 5 жасар қызы екеуі тұрып жатыр. 2017 жылы да Натальяның үйі су астында қалған екен. Баспананы қайта қалпына келтіруге жарамағандықтан, бұзып жаңадан салып берген. Биыл 7 жылдан кейін де төтенше жағдай қайталанып отыр. .


НАТАЛЬЯ ЧОРБА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Біздің көшемізді, үйімізді толығымен су басып кетті. Алдағы бір-екі күнде Петропавлда су тасқыны шарықтау шегіне жетеді деп жатыр. Біздің үйлер не болатынын елестете алмаймын. Менің үйім атамнан қалған еді. Ол өз қолымен салып, бақшасын да өзі күтіп-баптап еді. Сол себепті өте ауыр бізге. Эвакуациялық пунктерде барлық жағдай жасалған. Дегенмен, өз үйіміз үшін, осы уақытқа дейін жинаған дүние-мүлкіміз үшін уайым бар.


Петропавлда қазір 546 адамға шақталған 12 эвакуациялық пункт жұмыс істейді . Қазір пунктерде 109 бос орын бар. Тағы да орын керек болған жағдайда эвакуациялық пунктердің санын 19ға дейін жеткізу жоспарланған.


ҚАЛИЯ ТҮРЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Петропавлда 4 ықшам аудан су астында қалды. Тасқын суға балйанысты адамдар қауіпсіз жерге көшіріліді. Мәселен, Заречный кентінен 913 адам, былғары зауыты ауданынан 1340 тұрғын, лесхоз ауданынан 450, ал Ойқала ықшам ауданынан 2350 адам эвакуацияланды. Пунктерде барлық жағдай жасалған Медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте тұр.


Облыста су тасқыны басталғалы 2500-ге жуық үй су астында қалды. 10-мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.