Облыста су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері өңірдегі су басу қаупі жоғары елді мекендерді аралап, қолдан келген көмекті аямауда. Бұл іске мекеме атынан 200-ге тарта ерікті жұмылдырылған. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметшілер мен сарбаздар, қала тұрғындары да ат салысып жатыр.
Көктем келісімен Есіл өзінінің жағасында орналасқан Тепличное және Заречное кентінің тұрғындары уайымға салынады. Себебі су басу қаупі төніп тұрған елді мекендер тізімін бастап тұр. Сондықтан бөгеттерді бекіту жұмыстарына бәрі бірлесе ат саласып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен сарбаздардан жасақталған еріктілер штабы қаптарды құмға толтырып бөгетті нығайтты. Ауыл шетіндегі өзен деңгейі құтқарушылардың бақылауында.
ДАРИҒА ӨМІРҚЫЗЫ, СҚО ҚХА ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Бір жұмаға жуық уақыт біз волонтерлар болып, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізіп келеміз. Оның ішінде біздің осы су тасқыны қаупі жоғары аймақтсарда тұратын тұрғынджарға ескертпе қағаздарын тараттық. Күні кеше ғана біз Ғ. Мүсірепов ауданы Рузаевкаға барып келдік. Тұрғындармен сөйлесіп, көмек қолын созуға тырыстық. Қаптарға құм толтырдық.
БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
- Қазіргі таңда 30-ға жуық еріктілеріміз жұмыс істеп жатыр. Тепличное елді мекенінде профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. ТЖД болжамы бойынша су басуы мүмкін осы екі шағын ауданды. Гуманитарлық көмекті жинау бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Облыстағы «BIRGEMIZ» фронт-кеңсесінің құрамында барлығы 1200-ге тарта ерікті бар. Волонтерлар қатарында жастар ғана емес, 4 баланың анасы Жұлдыз Тоқтарғазы да қолғабыс етіп жүр. Көпбалалы ана мұндай қиын сәтте, бәріміз «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруымыз керек деген пікірде.
ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, ВОЛОНТЕР-КООРДИНАТОР:
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп бүгін халық жаппай шығып осылай қызмет атқарып жатыр. Бұл жерде тек қана кеңседе отырған жұртшылық емес, қарапайым халық та жүр. келесі жылы мен балаларымды да осы волонтерлік жұмысқа қосқым келеді. себебі олар өсіп қалды. Халыққа қызметтің не екенін еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін білу керек.
Жалпы облыста наурыз айынан бері 40-қа жуық үйді су басып, 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқынға қарсы іс-шаралар күндіз-түні жүргізіліп жатыр.