Облыстағы су басу қаупі бар аймақтардың бірі - Ғ. Мүсірепов атындағы аудан. Қазіргі уақытта Рузаев ауылдық округінде 77 шаруашылықты су басу қаупі жоғары. Елді мекен су тасқынына қарсы тұра алады ма? Қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Арнамыздың түсірілім тобы біліп келді.


Ғ.Мүсірепов атыдағы ауданның Рузаев ауылдық округін су басу қаупі бар.Себебі, бұл жерде Шарық және Жемборақ өзендері орналасқан.Әзірге елді мекендегі қар еріп жатқан жоқ. Бірақ мамандар төтенше жағдайға дайын.Округте тұрғындарға арналған 2 эвакуациялық пункт пен қажетті құрал-жабдықтар және инертті материалдар әзірленген. Жауапты мердігер ұйым қызметкерлері елді мекендердің көшелеріндегі қарды шығарып, арықтарды тазартып жатыр.Ғ.Мүсірепов атындағы аудандағы су басу қауіпі бар аймақтарда 200-ге жуық адам тұрады.


НҰРЛЫБЕК АЛҒОЖИН, РУЗАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 6000 текше метр қар шығарылды. Күніне 5-6 заявка келеді. Солар бойынша жұмыс жасаймыз.


26 наурыз күні ауданға облыстық ТЖД-ның жедел әрекет ету тобы келген. Мамандар инертті материалдарды дайындауға, қаптарды толтырып оларды қауіпті орындарға орналастыруға көмектеседі.


АЗАМАТ ҚАБДУЛЛИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз ауданға сорғы құрылғылары мен мотопомпаларды алып келдік. Сондай-ақ, жергілікті өрт сөндіру бөлімдерінде батпақта жүретін көлік, вахталық станция бар. Егер су басып, жағдай қиындап жатса тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіретін боламыз.


Ауданға ТЖД-нен 13 адам мен 3 техника көмекке келген. Құтқарушылар Рузаев пен Тахтаброт ауылдарында жұмыс істеп жатыр. Ауданда казгидромет мамандарының мәліметінше алдағы күндері қар күрт ерімек.