Өңірде елді мекендерден қыс басталғалы 1млн 9 мың текше метрден астам қар шығарылды. 2460 су өткізгіш құбырлар мен 252 шақырым арық тазартылды. Жыл басынан бері 34600-ден астам құм толтырылыған қап дайындалды.


Қазіргі таңда, Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарында 62 адам және 12 техникасы бар 7 жедел әрекет ету тобы жұмыс істеп жатыр. Облыстың үш ауданында жергілікті маңызы бар автожолдардың алты учаскесін су шайып кетті. Уәлиханов ауданында – Ақбұлақ-Жасұлан, Ақтуесай-Шағырсай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бір бөлігін су басты. Сондай ақ Тайынша ауданында «Краснокиевка – Октябрьское» тас жолының 9,10, 11 шақырымында қардың қарқынды еруінен ұзындығы 40 метр, ал тереңдігі 4 см болатын 3 учаске су астында қалды. Ақжар ауданында облыстық маңыздағы «Казгородок-Горьковское» автожолының 123 шақырымында қардың қарқынды еруінен 1 учаскені су шайды. Бұл жерде қазір көлік қозғалысы шектелген.