Уәлиханов ауданының «Көкшетау-Омбы» және тағы басқа бірнеше жолын су басты. Сонымен қатар, ауданның Мортық ауылындағы 5 үйге су кірген. Шұғыл қызметтер жедел әрекет етіп, суды сорғымен ағызып шығарды. Полиция қызметкерлері де су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып, арықтарды тазартуға көмектесіп жатыр.


Су басқан ең үлкен аумақ «Көктерек — Тоспа — Жасқайрат — Қайрат» автожолдары. Жалпы ұзындығы 32 метрді, тереңдігі 80 см-ды құрайды. Облыстық маңыздағы «Кішкенекөл — Золотая нива» жолының кейбір учаскелері де бұзылған. Тәртіп сақшылары аталған жолдарда қозғалысты шектеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің бастығы Руслан Әлижановтың айтуынша, аудандағы жағдай тұрақты. Полиция бөлімінің жеке құрамы ТЖ қызметкерлерімен, әкімдікпен және басқа да мүдделі қызметтермен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.