СҚО әкімдігінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі сөз болды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қарастырылды.


Облыс әкімінің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысы тағайындаудан басталды. Ғауез Нұрмұхамбетовтің өкімімен СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Қаныш Бижанов тағайындалды.

Кейін жиын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі төңірегінде жалғасты. Соның ішінде орман пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары, СҚО Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы және облыстағы құрылыс саласындағы проблемалық объектілері мониторингінің нәтижелері туралы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар жиында аймақтағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды.