Несептас аурулары негізінен 30-60 жас аралығындағы адамдарда кездеседі. Статистикалық деректерге сүйенсек, бұл диагноз жыл сайын әлемде адамдардың 3 пайызына қойылады. Алайда, қазір урологиялық аурулармен кішкентай балалар да ауыра бастаған. 2023 жылдың соңынан қазіргі уақытқа дейін облыстық көпбейінді ауруханада несептас ауруларына кішкентай балаларға 5 ота жасалған. 


Облыстық көпбейінда ауруханада урологиялық ауруларға қарсы ота жасайтын құрылғылар 2015 жылы алынған. Өңірде бұл аурудың зардабын көретіндер көп екен. Алайда, басым көпшілігі ересек адамдар. Соңғы жылдары кішкентай балалар да несеп ауруымен ауыра бастапты. Дәрігерлердің сөзінше, юұл жеңіл операциялардың бірі. Алдымен несепағарда орналасқан тас лазер көмегімен жойылып, аз инвензивті әдіс арқылы ота жасалады.


ДЖАМРАТ САЙДАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ УРОЛОГІ:

- Жалпы несеп аурулары бұл кең таралған аурулардың бірі. Ағзада дұрыс зат алмасу болмағанда, дұрыс дәрет сіңіре алмағанда бүйрекке тас жиналады. Ол тас кейінен несеп шығару жолдарына әсер етеді. Дер кезінде емдумеу қабыну процесіне алып келеді. Бізде арнайы құрылғылар да, ота жасайтын дәрігерлер де бар. Операциядан кейін науқас тек 4 күн ауруханада жатады.


Көпсалалы ауруханада кішкентайларға бұл отаны халықаралық стандарттар бойынша тұрақты оқудан өтетін білікті мамандар жасайды. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне де шеберлік сағатын өткізіп тұрады екен. Алдағы уақытта балалар ауруханасы осындай операцияны өз емдеу мекемелерінде өткізбек. Себебі, «Сәби» ұлттық қорының қолдауымен ауруханаға эндоскопиялық құрал сатып алынған.


АНАТОЛИЙ КЛЫКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ УРОЛОГІ:

- Біз бүгінгі отаға өз командамызбен келдік. Мен уролог-хирургпын. 2 анестезиолог және реаниматолог бар. Лазерлік уретеролитотрипсия жасалады, бұл аз инвазивті эндоскопиялық операция. Кейін науқас өзіміздің балалар ауруханасына көшіріледі.


2023 жылдың соңынан бүгінгі күнге дейін көпсалалы облыстық ауруханада 5 кішкентай науқасқа осындай операция сәтті жасалған.