1 наурыз - Қызылжар телеарнасы үшін де айтулы күн. 1960 жылы дәл осы күні Петропавл телестудиясының алғашқы бұйрығы шықты. Содан бері облыстық телеарна күнделікті көрермендерімен қауышып, тұрғындарды өңірдегі жаңалықтардан хабардар етіп келеді.
1960 жыл. Осы жылы Солтүстік Қазақстандағы алғашқы телеарна- «QYZYLJAR» арнасы өз жұмысын бастады. Сол кезден бастап арна ұжымы күн сайын өңір өміріндегі айтулы оқиғалардың бел ортасынан табылды.
ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
- Қызылжар телеарнасы бүгінде облысымыздағы көрермені көп, дамып келе жатқан телеарналардың бірі. Бізде 60-қа жуық шығармашылық қызметкер жұмыс істейді. Келесі жылы бұйырса 65 жылдығымызды тойлаймыз. Бүгінгі 1-наурызға орай, телеарнада жұмыс істеген және істеп жатқан қызметкеерлерге алғыс айтамын. Телеарнамыз әрі қарай даму жолында болады деп ойлаймын.
Қызылжар телеарнасы- үлкен бір отбасы. Мұнда әрбір қызметкердің орны бөлек және маңызды. Эфирге шығатын сюжет пен бағдарламалар үшін кадр сыртында қаншама адам тер төгеді. Елена Пилипцевич- арнаның ардагер режиссері. Ол өзінің саналы ғұмырының 43 жылын телеарнаға арнады. Шығрамашылық ұжымға келгенде ол небәрі 17 жаста болған.
ЕЛЕНА ПИЛИПЦЕВИЧ, "ҚАЗАҚСТАН" РТРК” АҚ СҚОФ РЕЖИССЕРІ:
- 43 жыл- бұл өте ұзақ уақыт. Осы уақыт аралығында біраз қиындықтарды еңсере білдік. Адам саны аз болды. Техника жетіспеді. Бірақ, ең бастысы арна ұжымы өз күшін ешқашан жоғалтқан жоқ. Себебі, бізде өз жұмысыңа ғашық жандар жұмыс істеді. Және сүйікті көрермендеріміз де әрдайым бізбен бірге.
Елена Геннадьевна- еңбек еткен жылдарындағы қызықты оқиғалардың бірін еске алды. 1987 жылы телеарна ғарышта жүрген Александр Викторенкомен тікелей эфирге шыққан.
Ғарыштан тікелей эфирге шығу – әрине 90 жылдар үшін үлкен жетістік. Ол кезді қазіргімен салыстыру мүмкін емес. Бірақ, телеарна мамандары техниканың тілін тауып, эфирді қалтқысыз алып шықты.
ДМИТРИЙ ПАТОШКИН, «ҚАЗАҚСТАН" РТРК” АҚ СҚОФ БАС ИНЖЕНЕРІ:
- Біз техниканы жаңалау ісін әрдайым жүргзіп отырамыз. Қазір бізде мүмкіндігі өте жоғары мықты техникалық құрал-жабдықтар бар. Олар арқылы 2К және 4К форматындағы видеоларды қолдана аламыз. Әрине, бір орында тұрмаймыз. Заман ағымына ілесіп, заманауи техникалық жабдықтарды игереміз.
Облыстық телеарнада бірқатар шәкірт тәрбиеленді. Талай жас түлеп ұшып, кәсіби тұлға ретінде қалыптасты. Бүгінде арнаның тілшілері Халықаралық және Республикалық телеарналарда қызмет етіп жатыр. Ал, қазіргі таңда телеарнада 60-тан астам маман жұмыс істейді.