Бүгін 29 –ақпан- Кібісе күні. Төрт жылда айналып келетін артық 1 күн қыс пен көктемнің түйісер тұсы- ақпанның соңына кіргізілген. Яғни, әрбір төртінші жыл 366 күнді дөңгелектейді. Солайша, Кібісе жылының қарапайым жылдан бір күн артықшылығы болады.
Кібісе жылы туралы халық арасында да түрлі пікір бар. Бірі бұл жылда үйленуге, іс бастауға болмайды десе, енді бірі апат көп болады деседі. Бірақ, әрине бұған да сене беруге болмайды. 4 жыл бір рет келетін болғандықтан -29 ақпан ең ерекше күн болып саналады.
АЙНҰР ЖАРАСОВА, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕ АҚ СҚОФ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
- Бүгін 29-ақпан күні Петропавл қаласы 4 неке қию рәсімі өтеді.Біз оларға бұл күн 4 жылда 1 рет келетінін еске салып айтып кеттік. Олар бәрібірде келісімдерін берді. Сондықтан, неке қиятын боламыз.
Әлем бойынша 4 миллион адам туған күнін 29 ақпанда тойлайды. Бұл жер тұрғындарының 0,06 пайызын ғана құрайды.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- 29-ақпан күні сағат 16:00-де периниталдық орталықта 2 бала дүниеге келіпті. Қазір олардың жағдайы жақсы. Ананың да баланың да жағдайы тұрақты. Жалпы, жыл басынан бері облыста 610-ға жуық сәби дүние есігін ашқан. Оның 321-і ұл, ал қалғаны-қыз бала.
Айта кетейік, 29-ақпан біздің дәуірімізге дейін 45 жыл бұрын пайда болған.