1 наурыздан, яғни ертеңнен бастап отбасы банкінде «Отау» атты жаңа мемлекеттік бағдарлама басталады. Қазақстандықтар 30 сәуірге дейін Баспана маркет otbasybank.kz порталында бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады. Қатысушыларға қойылар талап қандай? Келесі бейнематериалымызда.


Бағдарламаға ҚР азаматтығы немесе қандас мәртебесі бар, 18 жастан 63 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады. Сонымен қатар, қатысушының соңғы 6 ай ішінде ресми табысы болуы керек, өзінің және отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жыл ішінде кез-келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауыда тексеріледі. Астана, Алматы қаларының тұрғындарына 30 млн теңге қаражат берілсе, еліміздің басқа өңірлеріне берілетін заем сомасы 18 млн теңгеге дейін.


НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ СҚОФ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

-  Отау бағдарламасына өтінім беру үшін міндетті түрде кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бар болғаны біздің «Отбасы банктің» салымшысы болуы қажет. Отбасы банкінде кемінде 18 ай сіздің салымыңыз болуы қажет. Сондай кейін шотыңызда кемінде 1 млн теңгеден астам қаражат болуы керек.


 «"Отау" бағдарламасының шарттары бойынша алғашқы жарна - 20%-тен басталады. Кредит бойынша мөлшерлеме - жылдық 9% құрайды. Несие 19 жылға дейін беріледі «Табысты", "Жинақ" және "Арнау" тарифтік бағдарламалары шеңберінде ашылған депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды. Және салымшыда инкассалық өкімдер мен төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы да маңызды.


НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ СҚОФ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

-  Қалада бірінші деңгейлі пәтерді ғана алуға болады. Ал моно қалаларда бағдарлама шарты бойынша немесе аудандарда, ауылдарда екінші деңгейлі пәтерді алуға рұқсат. Және олардың барлығы біздің банктің шартына сәйкес болуы керек. Конкурстан өткеннен кейін азаматтар біз төлем қабілеттілігін растауға шақырамыз.Төлем қабілеттілігін өткеннен кейін біз 6-ай уақыт береміз. 6 ай ішінде пәтерді іздеп-тауып, рәсімдеп үлгеруі керек.


 Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі. Салым бойынша сыйақы мөлшерінің көлемі - әрбір 1 000 теңге үшін 5 балл. Депозит мерзімі яғни әрбір жыл үшін 5 балл беріледі. Және егер бағдарлама қатысушысы некеде болса оған тағы 10 балл қосылады. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балалары болса 50 балл беріледі.