Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының волонтерлері «Игі істер марафоны» аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік тараттты. Жыл басында бастау алған акция ақпан айының соңына дейін жалғасады. Айта кетейік, волентерлер бүгінге дейін 80-нен астам әлеуметтік жағдайы нашар отбасыға көмек көрсеткен.
ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ" АКЦИЯСЫ аясында бүгін 5 отбасыға көмек көрсетілді. Қарагөз Богданова- 5 баласы бар жалғызілікті ана. Еріктілердің жасаған қайырымды ісі мұқтаж жанның мұңын сәл де болсын сейілтті.
ҚАРАГӨЗ БОГДАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Мен еден жуушы болып жұмыс істеймін. Жұмыста жүріп қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісімен таныстым. Көмек сұрадым. Біз мына үйді жалдап тұрамыз. Ішінде ешқандай жиһазы жоқ еді. Волонтерлер азық-түлік, киім-кешекпен қатар жиһаз да әкеліп берді. Еріктілерге үлкен алғысымды білдіремін.
Жалпы, қалалық жастар ресурстық орталығының құрамында 100-ден астам ерікті бар.
ДАМИР ӘБДИН, петропавл ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Инстаграм желісінде «помощь рядом» атты парақшамыз бар. Кез-келген мұқтаж жан сол парақша арқылы бізден көмек сұрай алады. Негізі, сол парақшаны көріп қол үшін созам деушілердің қатары көп. Отбасыларға ең алдымен ең қажетті азық-түліктерді апарып береміз. Жалпы, бізде қалада 2 қойма бар. Біреуі 20-шағын ауданда, екінішісі- қалалық жастар ресурстық орталығында орналасқан.
Айта кетейік, «игі істер» марафоны осы айдың соңыңа дейін жалғасады.