Былтыр ел аумағындағы жергілікті жолдардың 85 пайызы белгіленген талаптарға сай келмеген. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мамандары өткен жылы республикалық жолдарға 11 мыңнан астам тексеріс жүргізіп, 4 мыңнан астам кемшілікті анықтаған.40 мыңнан астам сынама алынып, 15 мыңға жуығы белгіленген талаптарға сай келмеген. Сапасыз жұмыстарға жол берген техникалық қадағалау және мердігер компанияларға 50 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Петропавлда жол активтерінің ұлттық сапа орталығы өткізген облыстық семинар барысында айтылды.


 Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы негізгі қызметтерінің бірі- мақсаты - жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Өз тәжірибелерімен бөлісіп, былтырғы олқылықтардың алдын-алу мақсатында астаналық мамандар бүгін өңірде облыстық семинар өткізді. Іс-шараға облыс аудандарының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылары қатысты.


ЕЛДАР ӘБЕНОВ, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК департамент директоры:

-  Бұрын облыстық жол зертханалары болған. Кейінен 2019 жылы үкімет қаулысымен облыстых зертханалар біріктіліріп сапа орталығы болып құрылды. Содан бастап жергілікті желінің де сапасын тексере бастадық. Бүгінгі семинардың мақсаты жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне жол саласындағы заңнамалардағы өзгерістер және біздің мекеменің атқаратын қызметтерімен таныстыру.


 Ғ.Мүсірепов ауданында былтыр 26 шақырым жол жөнделген. Биылға да жоспар ауқымды.Республикалық және облыстық бюджеттен ауданның 32 шақырым жолына қарЖы бөлінген.


МАНАРБЕК ШАМЕНОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҮКШ, ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

-  Бүгінгі семинарда жол саласына қатысты жаңашылдықтар таныстырылмақ. Бұл іс-шарадан аларымыз көп. Көптеген мемлекеттік қызметтердің қосылып жатқаны қуантады. Былтыр да осы семинарға қатысқан болатынбыз.


 Айта кетейік, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы соңғы 3 жылдан бері Республикамыздың барлық облыстарында осындай біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жүр.