Жатақханалардағы студенттерге жасалған жағдайды тексеру мақсатында жоғары оқу орындары мен колледж жатақханаларына мониторинг жүргізілді. Ұйымдастырушы - «AMANAT» партиясының облыстық филиалының «Жастар рухы» Жастар қанаты.


«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанаты М.Қозыбаев атындағы СҚ университеті жатақханаларының жағдайын көрді. Мұнда санитариялық нормалардың орындалуын, қауіпсіздік шараларының сақталуын тексерді. Бұл мониторинг жылына 2 рет жүргізіледі. Қазір университетке қарасты 4 жатақхана бар. Бүгінде барлығына жөндеу жүргізіліп, студенттерге жақсы жағдай жасалған.


АҚМАРАЛ ТҰРҒАЛИЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА МҮШЕСІ:

- «Біз барлық студенттерге жатақханалардан орын бердік. Қазір 4 курс тәжірибеден өтіп жатқандықтан жатақханаларда бос орындар бар. Биыл біз 10-шы жатақханада ремонт істедік. Түгел жана мебель техника барлығын алдық. Оны 2 қос дипломға келген және халықаралық бағдарламаға келген студенттерге бердік».


Ал 3 жатақханаға 3 жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Студенттер жағдай жасалған, шағымымыз жоқ дейді.


Университеттің 2-ші жатақханасына жақында жаңа терезелер орнатылды. Бұрын студенттер бөлмелердің суықтығынан қалың киінуге мәжбүр болатын.


Университеттің барлық жатақханаларында душ бөлмелері, автоматты кір жуғыш машиналар, электр плиталарымен жабдықталған ас бөлмесі бар, интернетке тегін қосылуға мүмкіндік жасалған. 2023 жылдан бастап студенттер жатақханаларға турникеттер арқылы арнайы картамен ғана кіре алады. Барлығы студенттердің қаіпсіздігі үшін.


 БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕН, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

- «Енді жастарымыздың әсіресе студент жастардың ең басты мәселесі әсіресе өзге облыстардан аудандардан келген студенттер үшін жатақғана басты мәселе болғандықтан біз жылына 2 рет мониторинг жұмыстарын жүргіземіз. Ол жоғары оқу орындары мен колледж жатақханаларында.  Студенттердің айтуы бойынша күрделі мәселе жоқ.  Енді алдағы уақытта қандай да бір мәселе туындайтын болса студенттер арыз шағымдарымен бізге келіп айтуға болады. Біз барлығын шешуге тырысамыз».


Тексеріс барысында студенттер тарапынан ешқандай шағым болмады. Алдағы уақытта жатақханаларға тағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.