Петропавлда тоғызқұмалақтан жасөпірімдер және жастар арасында облыс чемпионаты басталды. Жарыс 2 күнге шақталған. Оған 2003-2010 жылдар арасындағы 80 оқушы қатысып жатыр. Тілші бейнематериалына назар аударайық.


4000 жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны жоғары интеллектуалды спорт түріне жатады. Ойыншылардың жылдам ойлау қабілетін дамытады. Сайысқа Ақайың, Шал ақын, Қызылжар аудандарынан мектеп оқушылары қатысып жатыр.


 МАРАТ АҚАЙ, БАС ТӨРЕШІ:

- «Жарыс өте жоғары деңгейде өтеді деп сенемін. Біз ұлттық спортты ары қарай дамыта береміз. Мақсаты балалардың ой қабілетін күшейту. Тоғызқұмалақта әр ойыншыға 45 минут уақыт беріледі. Ойын аяқталып жеңімпаз болмаса тағы 5 минут уақыт беріледі. Кейін жеңімпаз анықталады. Қазір біздің СҚО тоғызқұмалақ ойыны жақсы дамып келеді».


 Бүгінгі чемпионатқа қатысушы Аңсар Данияров Аққайың ауданынан келген. 4 сыныптан осы спорт түріне қызығып, қазір 4 жылдың көлемінде түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Ол бүгін осы ойында чемпион болып, бапкерім мен ата-анамды қуантсам дейді.


 АҢСАР ДАНИЯРОВ, ҚАТЫСУШЫ:

«Тоғызқұмалақты мен 4 сыныптан бастап ойнаймын. Тоғызқұмалаққа деген қызығушылығым өте күшті. Неге өте күшті себебі маған мұғалімім Серік Бекжанов қолдау көрсетеді. Сондықтан көп рахмет айтамын. Көп жарыстарға алып барады, біраз ұтыстарды көрдім. Осылай жарыстарға барып отырамын. Жарысқа 1-ші орын алып бапкерімді қуантамын деген мақсатпен келдім»


Облыстық чемпионатта жүзден жүйрік атанғандар наурыздың 21-31 аралығында Өскемен қаласында өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алып, өңір намысын қорғайды.