Петропавлда екі әйелдер монастЫрі бар. Соның бірі - 1997 жылы салынған- «Мейірімді ана Құдай әпкелерінің шіркеуі». Діни мекеме туралы келесі бейнематериалымызда.


Анастасия- қаладағы католик шіркеуінде тұрады. Ол Петропавлға Польшадан қоныс аударған. Оның айтуынша, Құдайға қызмет ету екінің бірінің қолынан келмейді.


АНАСТАСИЯ ОМЕЛЬЧЕНКО, «МЕЙІРІМДІ АНА ҚҰДАЙ ӘПКЕЛЕРІ» ҚАУЫМЫНЫҢ МОНАХ әйелі:

- Барлық монах әйелдердің негізгі мақсаты- әлемге Құдайдың мейірімді жүзін көрсету.Адамдарға шындық неде екенін түсіндіру. «Құдай бұл өмірге дүниені айыптау үшін емес, әлемді құтқару үшін келді». Шындық дегеніміз осы.


Монастырьдағы өмір салты әдеттегіден өзгеше. Мұндағы тұрғындардың таңы бірге дұға етуден басталады.


 БАКИТА ВОРОНОВА, «МЕЙІРІМДІ АНА ҚҰДАЙ ӘПКЕЛЕРІ» ҚАУЫМЫНЫҢ МОНАХЫ:

-  Дұға ету біз үшін өте маңызды. Біз барлығымыз бірге дұға етіп таңды атырсақ, дәл солай кешті де батырамыз. Және әрқайсысымыздың өз тапсырмамыз бар, соны орындау міндет.


Миссионерлік жұмыспен айналысқандықтан монах әйелдер кез- келген уақытта тұрғылықты жерін өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар, олар басқа қалалар мен елді мекендерге де жиі шығып, жастармен кездесу өткізеді.