Үндістанда 33-ші Лакшминараяна әлемдік музыкалық фестивалі өтті. Елімізден оған Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртістері мен Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысты.


 Алғашқы концерт 5 қаңтар күні Нью-Делидегі әйгілі Сири Форт аудиториясында басталды. Әуезді кеш ұлттық әуендерден басталып, үндістанның туындыларымен жалғасын тапты.


Фестиваль Үндістанның Банголор, Майсур, Мумбай қалаларында 13 қаңтарға дейін жалғасты. Біздің өңірден барған Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының эстрадалық-симфониялық оркестрі көрерменді өз өнеріне тәнті етті.


АРТЕМ КИСЛОЩЕЙ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ЭСТРАДАЛЫҚ-СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

-  «Біздің музыканттардың және хордың шеберлік деңгейі өте жоғары. Көрермен жақсы қарсы алды, қонақжайлық танытты. Біз де осы сапардан зор әсер алдық. Фестиваль 4 қалада болғандықтан тыңдармандар саны әр концерт сайын көбейе берді».


Бұл іс-шара жыл сайын өткізіледі. Әлем елдерінің оркестрлері қатысып өнерлерін көрсетеді. Ал 33-ші музыкалық фестивальға Қазақстанның эстрадалық-симфониялық оркестрі арнайы шақырылған.


 МАРАТ ЗАКИРЬЯНОВ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ЭСТРАДАЛЫҚ-СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ МҮШЕСІ:

-  « Үндістан композиторының шығармаларын ойнадық. Ол Лакшминараяна Субраманиама музыкасы - индияның классикалық музыкасы. Ол әлемдегі классикалық музыкадан кішкене өзгеше.Басқаларға ұқсас емес. Үндістанда мен 2-ші рет болдым өзім алғашқы рет 2012 жылы студенттік кезімде фестивальға барған болытынмын».


Бір аптаға созылған гастрольдік сапар барысында Қазақстанның оркестрлері көрермендердің ыстық ықылысына бөленді. Оркестр құрамы осымен тоқтап қалмай алдағы уақытта тағы да үлкен сахналарда өнер көрсетпек ойда.