Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы шетелдік автокөліктерді заңдастыруды ресімдеуге бір айдан аз уақыт қалғанын еске салады.
Шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру туралы осы жылдың 1 шілдесіне дейін берілген өтінімдер 31 желтоқсанға дейін ғана қаралады. Полицейлер уақыттың шектелген ескертіп, автокөліктердің иелерін заңдастыруды аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге қоюға шақырады. 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Петропавлдағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 15 мың 635 өтініш келіп түскен. Бүгінгі таңда 10 мың 582 көлік тіркелген. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру туралы өтінімдерді Үкімет Қаулысына сәйкес 23 қаңтардан бастап 30 маусым аралығында қабылдады. 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін еліміздің аумағына енгізілген автокөліктер заңдастыруға жатпайды.
Серік Әлжанов, СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
- Қазір Солтүстік Қазақстан облысы аумағында шетелдік тіркеудегі 10 580 астам автокөлік заңдастырылды. Олардың ішінде 230 конструктор, 921 көлік құралы уақытша есеп алынды. Заңдастыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша жедел желі телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 32-00-22, 32-00-19.