Тәуелсіздік күніне санаулы күн қалды. Білім беру мекемелерінде осыған орай арнайы сабақтар, дөңгелек үстелдер мен іс-шаралар өткізіліп жатыр. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті де шет қалмай, арнайы көрме ашылды.


Оқу ордасының музейінде «Қазақстан Республикасының Т әуелсіздігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты ашылуына студенттер де бос қол келмей, арнайы дайындаған жобаларын талқыға салды. Жалпы, азаттықтың ақ таңы атқанға дейін еліміз небір нәубет-зобалаңды басынан кешірді. Бірақ, қайсар халқымыз еңсесін түзей білді. Тәуелсіздіктің қадірін қазіргі ұрпақ жақсы біледі. Еркіндік жолында жан берген ата-бабасын ешқашан ұмытпайды. Қадірлейді, қастерлейді.


 ЯНА ЛЯПКАЛО, СТУДЕНТ:

-  Менің баяндамамның тақырыбы- «Желтоқсан» деп аталды. Яғни, 1986 жылы Желтоқсан айында болған қанды оқиғалар мен қасіретті күндер баяндалады. Біздің міндет – тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін ұмытпау, барымызды бағалай білу. Қазір Қазақстан көпшілік қызығатын, үлгі тұтатын мемлекеттердің біріне айналып отыр.