Әзірбайжанның Баку қаласында грек-рим күресінен әскери қызметшілер арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге солтүстікқазақстандық балуан Аманғали Бекболатов қатысып, жеңімпаз атанды.


 Әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, бірінші орын иеленді. Аманғали Бекболатов финалда Иран елінің өкілін ұтты. Аманғали Бекболатов – осы әлем чемпионатында алтын медаль алған үшінші қазақстандық. Алдыңғы жылдары осындай нәтижеге грек-рим күресінен Бағлан Жақанша мен еркін күрестен Ғалымжан Өсербаев қол жеткізген болатын.