Биыл «AIMER» СУПЕРМАРКЕТІНе 4 жыл. Осыған орай сауда орталығы 1-ші мамыр мен 2-ші желтоқсан аралығында акция өткізді. Ұтыс ойнына қатысқан халықтың қарасы қалың болып, жолы болғандар жүлделі сыйлықтардың иегері атанды. Ал, 3 петропавлдық бір сәтте миллионер атанды.


 АЙМЕР супермаркеті Петропавл тұрғындары үшін маңызы зор сауда орталықтарының бірі. Супермаркет сатып алушыларын қуанту үшін, осыдан 7 ай бұрын ұтыс ойынын бастаған болатын. Бүгін шешуші сәт туып, салтанатты іс-шара барысында акцияның қорытындысын шығарды.


МАРИНА ЛИСЯНАЯ, «AIMER» СУПЕРМАРКЕТІНІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

- Акция ережесі бойынша адамдар 10 мың теңгеге зат алып, кемінде 5 чек жинау керек болды. Біз жалпы, 12 мың купон ойнаттық. Сатып алушылар, сағат 5-ке дейін чектерін купонға айырбастап алуы керек болды. Дабыл соғылған кезде айырбастау тоқтатылып, ұтыс басталады. Кейбір сатып алушылармен сөйлестік. Олар өздерінде 10 немесе одан да көп купон бар екенін айтып жатты.


Аймер өнімдеріне сұраныс әрдайым жоғары. Сондықтан, акцияға қатысушылардың саны да жетіп артылды. Дабыл соғылып, жұрт ортаға жиналды. Көрермендер арасынан «жүлделі купонды» таңдайтын кішкентай бүлдіршінді алдырды. Ең алдымен, 7 тұрмыстық техника ойнатылды. Алғашқы жүлдені Карина Суборова ұтып алды.


КАРИНА СУБОРОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен «AIMER» СУПЕРМАРКЕТІНің тұрақты сатып алушысымын. Супермаркетті бүгінгі мерекесімен құттықтаймын. Бүгін менің де туған күнім. Осы жүлде мен үшін сый болды. Өте қуаныштымын.


Көптен күткен сәт туды. 1 миллион деген жазуы бар сертификаттар ортаға шығарылды. Алғашқы миллионды Жайнар Жылқайдарова ұтып алып, әп-сәтте миллионер атанды.


ЖАЙНАР ЖЫЛҚАЙДАРОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен бүгін 1 миллион теңгені ұтып алып, миллионер атандым. 35 жасыма дейін осылайша жолым болған емес. Алғаш рет қатысып тұрмын. Қатты қуаныштымын. Мен барлығы 18 купон жинаған едім. Бұйырған деген осы екен. Қаншама купонның ішінен менің 1 купоным жүлдеге ие болдым. Аймер рахмет!


Аймерде күнде ұзын-сонар кезек. Сауда орталығына күніне 40-тан астам автокөлікпен тауар жеткізіледі екен. Жалпы, супермаркетте 300-ден астам адам еңбек етеді.