Петропавлда «Волонтер жолы-2023» атты облыстық волонтерлар слеті өтті. Жиында өңірдің үздік 20 еріктісі марапатталды. Жалпы, облыста 30мыңнан астам адам волонтерлік ұйымға мүше.


 Өңірде волонтерлар слеті дәстүрлі түрде өткізіледі. Мақсат, еріктілер қозғалысын дамыту, осы салада жүрген үздік еріктілерін анықтап, оларды марапаттау. Жалпы биыл волонтерлардың қатысуымен 2мыңға жуық іс-шара өткен.


АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО “BIRGEMIZ” ВОЛОНТЕРЛІК ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Волонтерлар түрлі салада қызмет етеді. Олардың басты мақсаты көмек көрсетіп, пайдасын тигізу. Жалпы облыста біздің волонтерлік ұйымға 30мыңнан астам адам мүшелік етеді. Заңгерлік, психологиялық көмекті де тегін көрсетеміз. . Биыл біз түрлі қайырымдылық іс-шараларын да ұйымдастырдық.


Бүгін марапатталған волонтерлердің бірі- Әлихан Мұратқазы. Ол НЗМ 12 сынып оқушысы. 7 сыныптан бері волонтерлік қызметпен айналысады.Мен үшін волонтерлік тек адамдарға көмек көрсету емес, сонымен қатар жаңа достар тауып, жан-жақты дамудың бір жолы дейді ол.


ӘЛИХАН МҰРАТҚАЗЫ, ВОЛОНТЕР:

-  Екі жыл бұрын мен волонтерлік тәжірибемде ең жылы жағдай болған. Біздің мектеп қатерлі ісікке шалдыққан Баяхмет Мақсат деген балаға көмектескен болатын. Біздің мектепте қайырымдылық акциясы жарияланып, біз оған мектеп оқушылары жабылып көмектескен болатынбыз. Ақшаны оның әкесіне таыстағанда әкесі жылады. Осы жағдай маған ерекше әсер етті.


 «Волонтер жолы -2023» облыстық слетінде түрлі жастағы 20 үздік волонтер марапатталды.