Уәлиханов ауданы экономикасының маңызды бөлшегі - ол ауыл шаруашылығы. Бұл сала 27 млрд.теңгенің өнімін шығарған. Биыл 3,4 млрд. теңгеге 117 жаңа ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық. Бұл туралы Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев өңірлік коммуникациялар алаңында айтты.


 Биыл Уәлихандық диқаншылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 84,6 мың тонна астық жинап алды. Оның өнімділігі гектарына 5,1 центнерді құрады. Сонымен қатар, биыл Уәлиханов ауданында 45 мың тонна сүт және 4,8 мың тонна – ет өндірілді. Қой шаруашылығы бойынша 1 жоба жүзеге асырылды. "Туған жер" ФҚ-ғы Павлодар облысынан 1000 бас қой сатып алды. Жобаның құны 100 млн. теңге.


ҚАЙРАТ ПІШЕНБАЕВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «2024 жылы 11 млрд. теңгеге 3 сүт-тауар фермасын салу жоспарланған. Оған арнайы шетелден 3824 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынбақ. 28 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Олар: Кішкенекөл ауылындағы "Жолдасбай-Агро" фермерлік қожалығының, Ақбұлақ ауылындағы "JALAYR agrofoods" және "ОлжаАтамекен" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің сүт-тауар фермалары. Уәлиханов ауданында бос және игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы Президент тапсырмасыда жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 88 мың га игерілмей жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жұмыстар ары қарай жалғасатын болады.»


 Уәлиханов ауданында инвестициялар көлемі де артып келеді. Биыл көрсеткіш 6,7 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда бұл 13%-ға артық. Өңірде орта және шағын бизнес дамып келеді. Уәлиханов ауданында 878 кәсіпкер жұмыс істейді. Жыл басынан бері ауданда 28 млн. теңгеге 5 кәсіптік нысан ашылды. Сонымен қатар, облыстық, аудандық және кентішілік жолдардың 93 шақырымы жөнделді. Қулыкөл, Телжан, Кішкенекөл, Бидайық ауылдарындағы кентішілік жолдарға жалпы сомасы 919 млн.теңгеге орташа жөндеу жүргізілді. Сондай ақ ауданда таза сумен 25 елді-мекен қамтамасыз етілген.


 ҚАЙРАТ ПІШЕНБАЕВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Биылғы жылы ауданның 5 ауылында таратушы желілері бар су мұнараларын салуға 2 млрд.теңге бөлінді олар Ақбұлақ, Бидайық, Ақтүйесай, Көбенсай және Жас Ұлан. Жұмыстар аяқталу сатысында ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін. Аталған жобалардың жүзеге асырылуымен суға қосылған абоненттер саны 78 процентті құрайтын болады 2024 жылы тағы 3 ауылда су мұнарасын салу жоспарланған. Тиісті құжаттар Телжан ауылы бойынша жасалынды, Қайрат пен Қулыкөл ауылдары бойынша құжаттамалар әзірленіп, сараптамалар жүргізілуде.»


Кішкенекөл ауылында 250 орындық емхана құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны-3,3 млрд. теңге. Бүгінгі таңда нысан 25% дайын. Жоспар бойынша жұмыс келер жылдың шілдесінде аяқталады.Сонымен қатар, аудандағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 17 млн. теңге бөлінген.