Петропавлда(АИТВ) адамның иммун тапшылық вирусы және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромымен күреске арналған акция өтті. 1 желтоқсан - "Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні". Іс-шараның мақсаты- аурудың таралуының алдын алу үшін жастардың арасында түсіндіру жұмысын жүргізу.


Іс-шараны Жастар ресурстық орталығы және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл мәселе өңірде өзекті. Жыл басынан бері 116 адамға жаңадан ВИЧ диагнозы қойылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 сырқатқа көп. СПИД-тен екі адам қайтыс болды.


 РИНАТ ӨЛМЕСЕКОВ, СҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  «Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара ол 1981 жылдан бастап дүниежүзілік жүре пайда болған имун тапшылығы қарсы күрес күні шаһандық күн болып табылады.Дүниежүзілік ЖТС ға қарсы арналған күрес 10 күндік өткізілуде...... »


Акция облыстың түкпір-түкпірінен келген колледж студенттері үшін өткізілді. Іс-шара барысында қонақтарға СПИД туралы ақпараттық жадынамалар таратылды, тілек білдірушілер адамның иммундық тапшылық вирусына қан тапсырып, өз нәтижелерін біле алды


РУСЛАН ЯКОБИ, КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

Бүгін бізді Спидке қарсы іс-шараға шақырды. Мен қуана-қуана келісім. Іс-шара барысында адамның иммундық тапшылық вирусына қан тапсырдым. Осындай тексерістерден жастар жиі өтіп отыру керек деп ойлаймын. Сондай ақ мұндай іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуі керек»


Бұл акцияға 300-ге жуық адам қатысты. Студенттерге тест форматында адамның иммундық тапшылығы және жұқтырылған имун тапшылығы ауруы туралы сұрақтар қойылды. Айта кетейік , 1 желтоқсан - "Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні.


Ұлан Ыдырыс