Тимирязев ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қандай? Жұмыстар жоспарға сай орындалып жатыр ма? Осы және өзге де сауалдарға аудан әкімі Ерлан Жаров баспасөз конференциясында жауап берді. Ауданның биылғы бюджеті 3 жарым млрд теңгені құраған. 10 айдың ішінде оның 3 млрд теңгеге жуық сомасы игерілді.


Тимиязев ауданында ауыл шаруашылығы саласы алға басты. Шаруалар қолданатын техниканың басым бөлігі жаңартылды. Биыл 8 млрд теңгеге жуық қаржыға 133 техника мен қосалқы жабдық әкілінді. Сорт жаңарту үшін 4237 тонна элиталық тұқым, 12 мың тонна тығайтқыш сатып алынды.


ЕРЛАН ЖАРОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Ауыл шаруашылығы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Биыл бұл салада ауа-райына байланысты небір қолайсыздық болды. Бірақ дәнді және бұршақты дақылдар қоры 221,6 мың тоннаны құрады. Ал жалпы өнім көлемі 33,9 млрд теңге. Соңғы 10 айдағы инвестиция көлемі 11,3 млрд-тан асты.


Биыл Тимирязев ауданында жекеменшікке өтіп кеткен 4,7 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды. Және жалпы ауданы 6,8 мың га болатын алқапты қайтару бойынша 6 шаруашылыққа қатысты жұмыс әлі жүріп жатыр.


ЕРЛАН ЖАРОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Мемлекетке «Есіл-Агро» ЖШС-нен 1474 га, «Елімай және М» ЖШС-нен 918 га, «Сағат-СК»дан, 3130 га, «Қайнат» кәсіпкерлігінен-58 га, «Озов» шаруа қожалығынан-68 га, «Райт-АА» серіктестігінен-1226 га жер қайтарылуы тиіс.


Сондай-ақ, ауданда 2022 жылдан бері аудандық маңызы бар жолдарға қатысты 2 ірі жоба іске асырылды. 258 млн 141 мың теңгеге Есіл-Ақсуат бағытындағы 19 шақырым жол орташа жөнделіп жатыр. Жобаны «Сотис Групп» ЖШС-гі қолға алған. Сондай-ақ, 300 млнға жуық қаражатқа Хмельницкое ауылының кіреберісіндегі 9 км жол жөнделіп жатыр.