«WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық чемпионатында облыс студенттері екі алтын бір күміс медаль және 8 қатысушы «Үздік медальон» жеңіп алды.
«WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық чемпионаты 23-25 қараша аралығында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 545 студент пен 510 сарапшы қатысты. Сайысқа қатысушылар 30 бағыт бойынша өз жұмыстарын таныстырды. Олардың ішінде кірпіш қалау, құрылыс және сылақ, сантехника және жылу жүйесі, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиясы, кондитер, шаштараз ісі, мейрамхана сервисі және т.б. болды. Жеңімпаздар 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына барады. Кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары еліміздің жетекші компанияларынан: «Grohe», «Knauf», «1С Казахстан», «Robert Bosсh», «Welding Company», «ESAB» және т.б. жұмысқа шақыртулар алды. Конкурстың барлық 545 қатысушысы WeDoEducation-нен таңдаған саладағы кез-келген мамандық бойынша білім алу үшін гранттарға ие болды.