Петропавлда өздерін жұмысшылардың халық кеңесін құрушылармыз деп жариялаған топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты.Естеріңізге сала кетейік, ел ішінде шу шығарған оқиға осы жылдың наурыз айында болған еді. Өздерін Кеңес Одағының ізбасарымыз деп санаған Петропавлдың 19 тұрғыны жиналыс өткізген.
Жиында олар Қазақстанды мемлекет ретінде мойындағысы келмей, жерінің тұтастығын да жоққа шығарған. Осылайша, Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесін құрып, арнайы декларация қабылдаған.
Жиынның видеолары әлеуметтік желіде таралып, көпшілік ішінде наразылық тудырған еді. Оларды тұрғындар сепаратизм үшін жауапкершілікке тартуды талап етті. Ал 30 наурыз күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті оларға қатысты сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бүгін топты ұйымдастырушы мен үш белсендісіне сот үкім шығарды.
АЛМАС ЖҰМАҒАЗИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
- «Сот үкімі бойынша Зудерман В.А. ҚР ҚК 179, 180 бабыныңі 2ші тармағы, 287 бабының 3ші тармағы бойынша 9 жылға бас бостандығын айырылады. Ал Болдырева Е.А , Капарова және Бережная 179 және 180 баптың 2ші тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылады. Барлық сотталғандар орташа қауіпсіздік мекемесінде жазаларын отейтін болады.»