Балалардың қауіпсіздігі полиция жұмысы басымдықтарының бірі. Жаңа оқу жылында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардан бөлек, облыстық полицияның басшылығы да мектептер мен колледждердің оқушыларымен кездесіп жатыр. Жақында Петропавлдағы № 43 мектеп оқушыларымен жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов кездесті.
Әңгіме оқу орындарындағы буллинг және ақша қорқытып алу, жасөспірімдерді есірткі саудасына тарту секілді өткір тақырыптарға арналды.
Айдын Байматов, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
- Биыл ақша қорқытып алу фактілері бойынша кәмелетке толмаған күдіктілерге қатысты 3 қылмыстық іс қозғалған. Оларға қылмыстық жаза шарасын сот тағайындайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының "қорқытып алу" санкциясы 13 миллион теңге айыппұлдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Дәл осындай мерзімді жазаға есірткі сатуға қатысы барлар да тартылады. Айта кетейік, биыл есірткі сатқаны үшін екі жавсөспірім ұсталды. Әдетте есірткі сатушылар курьерлер мен есірткі жасырушыларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жалдайды.
Айдын Байматов, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
- Сізге кез-келген уақытта телеграм арқылы жоғары табысы бар жұмыс ұсынылуы мүмкін. Ешқашанда оған келіспеңіздер. Жеңіл ақша болмайды. Сіз өзіңіздің болашағыңызға балта шабасыз.
Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін сіз өзіңіз туралы қандай да ақпаратты әлеуметтік желіде жариялаудан бас тартқаныңыз жөн. Бейтаныс пайдаланушылардың "достығын" ойланбастан қабылдауға болмайды. Олардың жазбаларын мұқият қарап шығыңыз — олар сіздің жеке деректеріңізді алдап алу үшін әдейі жасалған болуы мүмкін.
Айнагүл Сауытбекова, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:
- Ішкі істер министрлігінің 2023 жылдың 4 тоқсаны мен 2024 жылғы жоспарын орындау мақсатында СҚО ПД басшылығымен студенттер және мектеп оқушыларымен ұдайы түрде кездесулер өтіп тиұрады. Осыған орай ата-аналарға балаларыңызды қадағалаңыздар. Оларды жалғыз өздерін такси автокөлігімен жалғыз жібермеңіздер. Өздеріңіз алып жүріңіздер. Қоғамдық орындар мен жолда жүру ережелері туралы балаларыңызбен сөйлесіңіздер.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған және оны полицейлер тұрақты негізде жүргізеді.