Қуыршақ театры балалардың рухани-мәдени өмірінің алғашқы баспалдағы. Тылсымын ішіне бүккен сала, көрерменін әдемі декарация, түрлі-түсті қуыршақтарымен баурап алады. Петропавлдағы облыстық қуыршақ театрының режиссері қойылымда қолданатын қуыршақтарды өзі жасайды екен. Бірнеше саланы жетік меңгерген маман жайында аймақтағы тілішіміз дайындаған бейнематериалда.


 АЙНҰР ДОСАН, ТІЛШІ:

- Қуыршақ театрындағы қуыршақтарды жасау үлкен шеберлік пен тәжірбиені талап етеді. Бүгінгі кейіпкеріміз өзінің алғашқы туындысын 8 жасында жасап шыққан. Оған сусабынның қорабын пайдаланыпты. Арада 30 жылға жуық уақыт өтсе де бұл қызығушылығын тастамаған. Қазір режиссерлікпен қатар алып жүр.


ГРИГОРИЙ ЛАЙКО, СҚО ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ:

-  Қуыршақ театрына деген қызығушылық бала кезден пайда болды. Бұрын теледидардан «Қуыршақ театры әлемі» деген бағдарлама көрсетілетін. Сол кезде шабыттанып, бірнеше қуыршақты жасап шыққан едім. Мектеп кезінде математика, физикаға жақын болып, сол бағытта еңбек етемін деп ойладым. Дегенмен өмірдің өзі мені осы салаға алып келді. Мәскеуге оқуға түсіп, театр әртісі және режиссері мамандығын алып шықтым. Негізі қуыршақтардың ішкі мехнизімі қатты қызықтырады. Қазір одан бөлек, декарация да жасаймын. Тапсырыс беріп, сатып алғысы келетіндер де табылады.


Институттың төртінші курсында оқып жүрген студент, танымал қуыршақ шеберімен танысады. Бұл жүздесу небір жаңа туындының жарық көруіне себеп болған. Марионетка, шағын кейіпкерді бейнелейтін планшет, адам бойымен бірдей таяқ, бес саусақты қолғап қуыршақтар. Қай-қайсысын болса да, шебер нақышына келтіріп жасап жүр. 300-ден астам туындының авторы. Григорий Лайконың айтуынша әр шебердің өзіндік техникасы бар. Қуыршақты жасауға бір аптадан бірнеше айға дейін уақыт кетеді.


 ГРИГОРИЙ ЛАЙКО, СҚО ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ:

-  Бұл шағын кейіпкерді бейнелейтін планшетті қуыршақ. Ағаштан жасалған. Қол-аяғы, буындары қимылдауы үшін серіппе өткізіледі. Іздесеңіз дүкендерде де осындай пластмасс қуыршақтар бар. Дегенмен ағаштан жасалғаны берік әрі қимылы да жеңіл болады. Жібі, қандай да бір бөлігі ескірсе ауыстыру да оңай.


-  Ал мынау «Қоңыз, өрмекші, көбелек» спектакліне дайындаған туындым. Көбелекке серіппе жалғанған, осы бөлігін саусақпен тартсаңыз, қанат қаққандай әсер қалдырады. Ал өрмекшінің құрылымы қармаққа ұқсас. Көлеңкеде өрмегін тоқып тұрғандай болады.


 Кейіпкеріміз қуыршақ шебері ғана емес. Театр әртісі әрі режиссер. Григорий енді алда сахналанатын қойылымдарға арнап қажетті туындыларына кіріспек.