Петропавлда отандық «BURKIT – арнайы жасақ» көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелері туралы түсірілген туынды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысы негізінде жарыққа шыққан.


 Фильмде арнайы жасақта қызмет ететін үш достың оқиғасы баяндалады. Осы кейіпкерлер арқылы Отанға деген сүйіспеншілік, достық пен патриотизм, намыс пен абырой көрсетілген. Ең жақын үш дос «Күрең берет» иеленуді армандайды. Жауынгерлердің күнделікті міндеттері қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру болғандықтан, олардың достығы тапсырмаларды орындау барысында сыналады.


 МАҚСАТ МҰҚАЕВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Көркем туынды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысы негізінде жарыққа шыққан.Оған еліміздің ең танымал акетерлері қатысқан.


Бұл ҚР Ұлттық ұланы туралы шығарылған осымен үшінші отандық фильм. Бұған дейін "6 ПОСТ" және "Қазбат"киноларыда көрермен назарына ұсынылған еді. "Бүркіт" кинокартинасының түсіріліміне СҚО арнайы күштерінің 50-ге жуық әскери қызметшісі қатысқан.


 ДАНИЯР ӨМІРХАНОВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНҢ ПСИХОЛОГЫ:

-  Мен бүркіт фильміне тек жағымды эмоциялар алу үшін келдім. Бұл біздің ұлттық гвардиямыздың имиджін көтеретін фильмдердің бірі. . Сондай-ақ, болашақта Қарулы Күштер туралы, Ұлттық гвардия туралы осындай фильмдер көп түсірілсе екен. Мұндай туындылар отанға. ұлтқа деген патриоттық сезімді оятуға сеп.


 "Бүркіт" премьерасы Петропавлдағы "Синема парк" кинотеатрында өтті. Отандық туындыны көруге келгендердің қарасы қалың болды.


Жансая Қайыпова