Петропавлда инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Бұл – «Балалар инклюзивті академиясы» қоғамдық бірлестігінің филиалы. Орталықта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ортаға тез бейімделіп, қалыптасуына жағдай жасалған.


Бұл орталық әзірге қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеседе, жоқтан бар жасап іске кірісіп кетті. Мұнда ерекше білім беруді, қолдауды қажет ететін балалар тәрбиеленеді. 4-жастан 17-жасқа дейінгі балаларды қамтымақ. Ал білікті мамандар олардың бар жағдайын жасамақ.


АЙНАГҮЛ МҰРЗАХМЕТОВА, «БАЛАЛАР ИНКЛЮЗИВТІ АКАДЕМИЯСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Балалар инклюзивті академиясы өңірлерде 7інші филиалын ашып отыр. Бұл жерде әзірге 47 бала арт-терапия үйірмесіне тегін қатыса алады. Кейін балалармен психологтар, логопедтер жұмыс істейді. Мүмкіндік болса осы жылы ерекше балалар үшін мектеп ашу жоспарда бар.


 Алдағы уақытта балаларға жаңа әрі заманауи талаптарға сай түзету кабинеттері де ашылмақ.


 КҮЛНАЗИПА ХАМЗИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Бүгінде Қазақстанның КӨПТЕГЕН қалаларында ашылған орталықтың енді бізде де жұмыс істейтініне қуанып жатырмыз. Менің қызымда кеш сөйлей бастағандықтан бүгін осы жерге келдік. Мамандар бізге көмектеседі деп ойлаймын. 


Әр баланың денсаулығындағы кінараты мен даму деңгейін ескере отырып білікті мамандар бағдарламалар дайындайтын болады.