Өңір басшысы жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды. Сапар аясында Ғауез Нұрмұхамбетов егін жинау науқанының барысын көріп, жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, аудан халқымен кездесті.
Тайынша ауданына іс-сапармен барған облыс әкімі алдымен "EMC AGRO" ЖШС болды. Компания шұжық, маринадталған кәуап сынды ет өнімдерінің 68 түрін шығарады. Сондай-ақ кәсіпкер тұшпара цехын да іске қосқан. Енді котлет шығаруды жоспарлап отыр.
ЛАРИСА КОСОВА, "EMC AGRO" ЖШС ЕТ КОМБИНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Шұжық жасауда біз тек табиғи шикізатты ғана қолданамыз. Өзіміз шошқа және сиыр ұстаймыз. Солардың етінен шұжық жасап, ел аумағында сатамыз. Өз өнімімізді сататын 10 фирмалық дүкеніміз бар.
Қазіргі уақытта "EMC AGRO" фермасында 100 мыңға жуық мал бар. Олардың саны 200 мыңға дейін ұлғайтылмақ. Серіктестік аумағында жаңа кешен құрылысы жүріп жатыр. Жоба сомасы-19,5 млрд теңгені құраған. Сондай ақ, компания басшылығы өздерінің генетикалық орталығын ашуды жоспарлап отыр.
Инфекциялар мен ауруларға байланысты малды шетелден тасымалдау өте қиын әрі қымбат. Сондықтанда Қазақстанда да өзіміз генетикалық орталықтар ашып, оны дамытуымыз қажет.
Ғауез Нұрмұхамбетов "BIOOPERATIONS" ЖШС-де ат басын бұрды. Компания астық өңдеумен айналысады. Серіктестікте бидай глютені, крахмал,биоэтанол және мал азығы өндіріледі. Қазақстандық бидайды пайдаланады. Өнімдер жергілікті және шетелдік нарыққа шығарылады. Өңір басшысы Тайыншадағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне де барды. Мұнда балалар волейбол, баскетбол, шағын футболмен айналысады.
СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Бұл кешен 3 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Балаларды барлық заманауи спорт жабдықтарымен қамтамасыз еттік. Жаттықтырушылар да өз ісінің мамандары.
Облыстық дене шынықтру және спорт басқармасы басшысының сөзіне қарағанда, ауданда бассейн салу жобасы әзірленіп жатыр. Жоба ны іске асыру үшін 1,8 млрд теңге қажет. Бұдан соң, облыс әкімі "Элеватор Тайынша" ЖШС соқты. Компания дайын мал азығын өндірумен, егінді сақтаумен және өңдеумен айналысады. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы астық қабылдау кәсіпорындарының басшыларымен кездесті.
ШИНАЗБЕК БАЛҚЫБЕК, «ЭЛЕВАТОР ТАЙЫНША» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Уборканң ыңғайы солай болды. 15 күн жаңбыр жауып тұрып алды.Ешкім таси алмады. Соңғы екі аптада көбейді.
Өңір басшысы № 1 Тайынша орта мектебінде де болды .Бұл оқу орны биыл пайдалануға берілген. Мектеп 600 оқушыға арналған. Жоба құны -2,2 млрд теңге. Білім ордасы заманауи талапқа сай келеді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Менің ойымша, мыұндай мектепте жұмыс істеудің өзі керемет. Біздің балалар сапалы білім алуы керек. Сіздердің жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Білімді шәкірттеріңз көп болсын.
Облыс әкімі "Астық STEM" ЖШС-ге барып, егін орағының барысын көрді. Серіктестіктің 11,5 мың га егістік алқабы бар. Дәнді және майлы дақылдар, жем-шөп пен сәбіз өсіріледі. Сонымен қатар 435 гектарға картоп егілген. Бір гектардан биыл 35 тонна картоп алып жатыр.
СЕРГЕЙ ЗВОЛЬСКИЙ, «АСТЫҚ STEM» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:
- Картоптың бұл түрі "гала" деп аталады. Сапасы өте жақсы. Бірақ оны сақтау қиын. Алайда, адамдар оның сапалы екенін біліп, осы гала картобын сұрайды.
Аймақ басшысы жергілікті фермерлермен де кездесті.Облыс әкіміне кәсіпорын басшылары егін жинау науқанының барысын баяндады. Сондай-ақ, Ғауез Нұрмұхамбетов Қараағаш ауылына соғып, жол жөндеу жұмыстарын көрді. 104,6 млн теңгеге 1,8 шақырым жол қалпына келтірілмек. Бұл жұмыс келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Ең брінші кезекте адамдар, яғни тұрғындар мен жауапты мамандар тексеруі керек.Мен барлық жерде, әрқашан айтып жүрмін. Кәріз желілері немесе инженерлік желілер болсын оны қолданатын адамдар қабылдап, қарауы керек. Олар жұмыс нәтижесін көрулері керек.
Бұдан кейін облыс әкімі аудан тұрғындарымен де кездесті. Тұрғындар су құбырының апатты жағдайда тұрғанына шағымданды.
Су құбырын жөндеуге қаражат бөлінеді ме?
БЕРІК ӘЛЖАНОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Ауыл іші жолдары жөнделіп жатқандықтан, бұл жұмыс әзірге тоқтап тұр. Биыл немесе келесі жылы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, облыстық бюджеттен немесе "Ауыл – ел бесігі"бағдарламасы бойынша қаражат бөлуге өтініш жазамыз деп жоспарладық.
Кездесу барысында аудан фельдшері жергілікті дәрігерлік амбулаторияның жағдайы туралы да айтты. Оның сөзінше, ғимараттың іші суық әрі терезелері де тым ескі.
Келесі жылы "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" бағдарламасы аясында 250 ш. м. фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланып отыр.
Өңір басшысы "Астық STEM" ЖШС-дегі сәбіз жинау барысын көрді. Сергей Звольскийдің айтуынша, жергілікті өнімдер нарықта үлкен сұранысқа ие.
СЕРГЕЙ ЗВОЛЬСКИЙ, «АСТЫҚ STEM» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:
- Біздің өнімге сұраныс жақсы. Адамдар біздің сәбізде нитрат мөлшері аз екенін біледі. Тыңайтқыштарды көп сеппейміз. Сапа біз үшін өте маңызды.
Ғауез Нұрмұхамбетов компанияның көкөніс қоймасына да барды. Бүгінгі таңда қоймада 1,5 мың тоннадан астам сәбіз бен картоп сақтаулы.
Жансая Қайыпова