14 жыл бұрын Республика күні мерекелер тізімінен алынып тасталды. Ұзақ жылдар бойы ұмыт қалған бұй мейрам қайта жаңғырды. 2022 жылғы 16 маусымда Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мереке" мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді.
Президенттің айтуынша, әлем қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Бірлік, тұрақтылық, Заң, Әділдік пен тәртіп Қазақстанның дамуына серпін береді. Маңызды күндер туралы ұмытуға болмайды. Мемлекет басшысының бастамасы халықтың қолдауына ие болып, заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Осылайша былтыр Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін алғаш рет дүркіретіп атап өтті. Айта кетейік, құрылтай өткізу туралы бастаманы президент Жолдауында айтты. Бұл - қоғамдық диалогты нығайту, мәселелер мен міндеттерді кеңінен талқылау қажеттілігіне байланысты қолға алынды.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
– Осы күні қабылданған Декларация Тәуелсіздігіміздің заңдылығының негізі болып табылады. Осы күні қабылданған декларацияның тарихи маңызы зор. Біз егемендікке қалай келдік, тәуелсіздікті қалай жарияладық , мұның бәрін әсіресе жас ұрпақ білуі керек,.