Жоғары сот кеңесінің мүшелері еліміздің әр аймағында заңгерлермен кездесулер өткізуде. Бүгін олар СҚО-ға келді. Кездесу барысында жергілікті заңгерлерге судья болу үшін қандай конкурстан өту керек және оның қандай критрийлері бар екені айтылды.
Судья- бұл сот төрелігінің шыңы. Оның мойнында үлкен жауапкершілік жатыр. Тіпті адамның алдағы тағдыры оның шығарған шешіміне байланысты. Бүгінгі таңда, елімізде 300-ге жуық судья жетіспейді. Оған жұмыстың өте ауыр және жауапты болуы себеп. Мұндай жүктемені кез-келген адам көтере бермейді. Сонымен қатар үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын күрделі конкурстан өтулері тиіс.
ОЛЬГА ШАНЬГИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
«Өткен жылы судья лауазымына біліктілік емтиханын сәтті тапсырдым. Осыдан кейін мен СҚО соттарында тағылымдамадан өттім. Онда судья лауазымында жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды алдым. Қазіргі уақытта мен судья лауазымына конкурсқа қатысуды жоспарлап отырмын. Мұндай кездесулер біліктілік емтиханын тапсырғысы келетін адамдар үшін өте пайдалы.»
Биыл конкурстағы шекті балл 80 нен 75-ке дейін төмендеген болатын. Егер бұрын конкурстың бір кезеңінен өтпеген жағдайда үміткер емтихандарды басынан бастап қайта тапсыруға мәжбүр болса, 2022 жылдан бастап бұл ереже өзгертілді.
ОЛЕСЯ ЦАЙ, ЖОҒАРЫ, ҚР СОТ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
«Әр үміткер үшін заңнаманың теориялық білім деңгейін анықтау үшін 75 балл жеткілікті. Дәл осы 75 пен 80 балл арасындағы білім шегі үміткерлер үшін жақсы болды. Осыған байланысты көптеген үміткерлер судья болуға мүмкіндік алып отыр. Практика көрсетіп отырғандай олар жақсы жұмыс ІСТЕП , кәсіби дағдыларын арттыруда.»
Судья болғысы келетін жандар, заңгерлер барлық қосымшаны және қажетті ақпаратты Жоғарғы Сот Кеңесінің сайтынан ала алады.