Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында белгілі қаламгер Төлен Әбдіктің 80 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік - Төлен» атты әдеби кеш өтті. Аталмыш шараға "Абай" мектебінің оқушылары , Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжнің студенттері арнайы келіп қатысты.


Биылғы 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың шығармаларын оқуға мүмкіндік бар. Осы орайда жазушының шығармашылық жолынан сыр шертетін мазмұнды көрме де ұйымдастырылады.


ГҮЛМИРА САҒЫНДЫҚОВА, КІТАПХАНАШЫ:

Жазушы шығармашылығының бірден бір ерекшелігі, жеке адамның ішкі жан дүниесін ұға білген және оған философиялық тұрғыдан, психологиялық тұрғыдан қараған. Адамның жан дүниесінің, сезімнің бірнеше жақтарын қарастырған. Және ол кісінің шығармаларын оқыған кезде адам қуанышты сезімде болады және қорқынышты да күй кешеді.


Бүгінгі айтулы жиынға қатысқан қонақтардың арасында қаламгердің замандасы, ардагер ұстаз Қарақат Шалабаев та бар. Ол Төлен Әбдік шығармаларының мазмұнына терең бойлап, жас буынды жазушы туындыларының қыр-сырына үңілуге шақырды.


ҚАРАҚАТ ШАЛАБАЕВ, АРДАГЕР ҰСТАЗ:

Бүгінгі оқырманға айтарымыз, қазақтың Төлен сияқты үлкен жазушысының шығармаларын оқу керек. Жазушы шығармаларында үлкен фмлософиялық астар жатыр. Қазақтың суреткер жазушысы әрі драматургы. Ол прозалық шығармаларды жазып қана қоймаған. «Ұлы мен ұры» деген шығармасы Қазақстанның көптеген театрларында қойылды. Сондықтан жасы 80-нен асқан ақсақал жазушы Төленнің шығармаларын қазақ жастары оқыса, одан ұтпаса, ұтылмайды.


Әдеби кеш барысында «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында «Төлен Әбдіктің өлеңдерін дауыстап оқу» челленджіне белсенді қатысқан оқырмандар марапатталды. Аталған байқау алдағы уақытта ұйымдастырылмақ.