Жаңа оқу жылында Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мен олардың ата-аналары үшін ерекше іс-шара – Мөңке күні ұйымдастырылды. Лебяжье көлінің жағасында өткен шараға оқушылар мен олардың ата-аналарынан құралған 20 команда қатысты.
Мөңке күні – табиғат саясында тамаша уақыт өткізіп, балық аулаудың ғана емес, сонымен қатар отбасылық құндылықтардың маңыздылығын айшықтайтын, оқушылар, ата-аналар мен мектеп арасындағы әріптестікті нығайтатын тамаша мүмкіндік. Мектеп директоры Данияр Уәлиев оқушылар мен олардың ата-аналары, сондай-ақ білім беру мекемесі арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
ДАНИЯР УӘЛИЕВ, ПЕТРОПАВЛ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Биыл бұл қызықты шара Қызылжар ауданының Лебяжье көлінде ұйымдастырылды. Балық аулауға барлығы 20 команда жиналды. Олардың арасында 11 сынып оқушысы Даниал Қамит пен оның әкесі Омар Бірманов та бар. Мектептегі шарадан шабыт алған ұлы мен әкесі, алда тағы қармақ салып, қысқы балық аулауға да шығуды жоспарлап отыр.
ОМАР БІРМАНОВ, ҚАТЫСУШЫ:
- «Біз осы іс-шараға екінші жыл қатарынан қатысып отырмыз. Мен мектеп басшылығына, шараны ұйымдастырушыларға ризамын. Шынында да, бұл күн ұлым екеуімізге жақсы мүмкіндік болды. Кейде әртүрлі жағдайлар болады. Бүгін мәне, өзара отырып, әңгімелесуге, сырымызды тарқатуға жақсы мүмкіндік туды.»
Балық аулауға қатысу үшін негізінен әкелер шыққанымен, баласын қолдап, қайыққа мінген аналар да табылды. Командалар үш сағат бойы балық аулаған кезде, жағада қалған жанкүйер аналар түрлі тағамдар әзірледі. Іс-шара соңында барлығы дастарханға жиналып, ашық аспан астында дайындалған тағамдардан дәм татты.
ЛӘЗЗАТ ЕЛЕМЕСОВА, ҚАТЫСУШЫ:
- «Бұл менің қызым Салтанат Ержан. Ол 8 сыныпта оқиды. Біз "Есіл" шаңырақ командасының мүшесіміз. . Салқын ауа-райына қарамастан, бүкіл жолдасым мен қызымды қолдауға келдім. Әкесі де, қызы да бұл іс-шараның өте қызықты болғанын айтып отыр. Жалпы барлығы көңілімізден шықты.»
Ауа-райына байланысты қармаққа ілінген балықтың аздығына қарамастан, "Мөңке күні" отбасылық байланысты нығайтып, мектеп пен ата-аналардың өзара әрекеттестігіне жол салды. Сонымен қатар барлық қатысушылар шарадан ұмытылмас әсер алды.